Logotype

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесті

07.02.2025
Aqniet Group Бақылау кеңесінің мүшесі Нұржан Ниязалиев бүгін Мемлекет басшысының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде туризм, мәдениет және кәсіпкерлікті дамытуға арналған бастамаларын ұсынды.

Ол инвестициялық ахуалды жақсарту, отандық туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастырудың және ұлттық парктерді цифрландырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл бастамаларды іске асыру үшін мемлекеттен әкімшілік қолдау және бизнес пен үкіметтің өзара ынтымақтастығы қажет екенін айтты.